Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғамӘлеумет

Т.Рысқұлов ауданында көшпелі қабылдау өтті

Т.Рысқұлов ауданында қоғамдық қабылдау бөлмесінің кестесіне сәйкес аудан әкімінің тұрғындарды жеке өтініш-тілектері бойынша көшпелі қоғамдық қабылдауы өтті.

Ақыртөбе ауылында өткен көшпелі қоғамдық қабылдауда ауыл тұрғындары тарапынан ауыз су мәселесі, Малдыбай мектебін салу, Теміржол көшесіне тас жол салу, көше жарықтандыру, ауылда мәдениет үйі және жастар айналысатын спорттық нысандар салу, мал жайылымы сынды әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Ал Өрнек ауылдық округінде өткен көшпелі қоғамдық қабылдауға келген азаматтар Сұмқайты ауылының болашағы, білім саласы, таза су және көгілдір отын мәселесі, көше жарығы секілді мәселелерді алға тартты.

Сонымен қатар, Қайыңды ауылында өткен көшпелі қоғамдық қабылдауда ауыл тұрғындары тарапынан ауыз су мәселесі, көше жарығы мен көше жолдарын жөндеу сынды әлеуметтік мәселелер айтылды. Аудан әкімі қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында шешімін табатынын және айтылған мәселелер тиісті сала басшыларына жолданып, әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close