Білім көкжиегіБасты бетҚоғам

Шу ауданында дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

АУДАНДА ТҮЛЕКТЕРДІҢ ДЕМЕУШІЛІГІМЕН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА 485 МЛН. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛГЕН.

Бүгін аудан педагогтарының онлайн қатысуымен дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.

Кеңесте былтырғы оқу жылының негізгі қорытындылары шығарылып, алдағы жоспарлар айқындалды. Аталған шараға Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дәмеш Ускумбаева арнайы келіп қатысты. Аудан басшысы Нұржан Календеров ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, министрліктің Құрмет грамотасымен, алғыс хаттарын табыс етті. Сондай-ақ, ардагер ұстаз Брагина Татьяна Николаевнаны білім және ғылым министірлігінің «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» медалімен, Жібек жолы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Жұманкүл Қозыкөрпешова министірліктің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Бұдан бөлек, үздік деп танылған 10 мектепке 100 мың теңгелік сертификат, 2 мектепке 1 сыныптың оқу жиһазы табысталды. – Облысымызда «Жомарт түлек» жобасы іске асырылуда. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шу ауданында «Жомарт түлек-2021» кездесуі өтті. Аталған кездесу Шу өңірінен шығып, бүгінде еліміздің әр саласында жетістікке жеткен тұлғалардың өмір жолын жастарға насихаттау, өңір тумаларын туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға тарту мақсатында ұйымдастырылып, Қонаев ауылындағы Төле би атындағы орта мектептің базасында «ТҮЛЕКТЕР ОРТАЛЫҒЫ» ашылды. Түлектердің демеушілігімен 485 млн. теңге көлемінде білім беру ұйымдарына көмек көрсетілді-деді аудан әкімі Нұржан Календеров.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close