Білім көкжиегіБасты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің Білім күнімен құттықтауы

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!

ҚЫМБАТТЫ ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР!

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!

Білім күні – жаңа оқу жылында жаңаша серпін, мол мүмкіндіктер тудыратын ұлы мейрам. Сыңғырлаған әсем қоңыраудың үнімен басталатын күздің алғашқы күні ұстаздар мен оқушылар, ата – аналар үшін ерекше тебіреніске тола күн.

Білімді, ақылды, тәрбиелі ұрпақтың бастауы – білім ошақтары десек, қоғамның алға ілгерілуіне қашанда терең білім, үздіксіз талпыныс, қажырлы еңбек керек. Ол үшін талапты оқушы мен ізденімпаз ұстаз тығыз байланыста болуы шарт. Сонда ғана жаһандану кезеңінде жаңа инновацияларды еркін меңгеріп, ғылым мен білімнің әлемдік аренаға жол ашуына кедергісіз қол жеткіземіз.Еліміздің өсіп-өркендеуі – ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына, мектеп біліміне тікелей байланысты. Сондықтан да, білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым бағыттарының бірі болып табылады.

Жаңа 2021-2022 оқу жылында аудан бойынша 15284 оқушы оқиды деп күтілуде. Еліміздегі өткен оқу жылы карантиндік шектеулерге байланысты онлайн оқу режимінде оқыды. Жаңа оқу жылында мектептеріміз дәстүрлі форматта оқитын болады. Осы орайда, аудан бойынша мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 1400 бүлдіршінге «Алғашқы қоңырау» мерекесі өткізілуде. Білім жолындағы алғашқы қадамдары жетістікке толы әрі жемісті болсын.Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қиындығы мол еңбекте тың табыстарға қол жеткізулеріңізге тілектеспін!Бүгінгі оқушыларымыз – ата-бабамыздың елі мен жеріне деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, білімді әрі ой өрісі кең азаматтар болып өсетініне сенімдемін.

Баршаңызға жаңа оқу жылында зор жетістіктер, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық-саулық тілеймін! Білім алудан жалықпаңыздар, талмай ізденіңіздер! Білім күні құтты болсын!

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close