Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Шу ауданының әкімі Семей ядролық полигонының зардаптарын жоюға қатысқан азаматтарды қабылдады

Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров зардапты жоюға қатысқан азаматтарды қабылдады.

Аталған шарада аудан басшысы азаматтарды құттықтап, алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын табыс етті.

– Семей полигонының зардаптарын жоюға қатысып Еліміздің ертеңіне деген сенімді нығайтуға атсалысқан азаматтар бүгінде арамызда отыр. Олардың сол кездегі көрсеткен ерліктері мен қайсар жігерлері Отанымыздың және бүкіл әлемнің қаупсіздігіне қосқан бағаланбастай үлестері қазіргі таңда әлем қауымдастығының ризашылығына ие болып отыр. Дүниежүзіндегі ядролық қарудың азаюуына, олардың зиянды әсерін таралуына жол бермей, өздерінің денсаулықтарын құрбан еткен батыр ағаларымыздың алдында әрқашанда қарыздармыз, – деді Нұржан Календеров.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close