Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Берері мол жиын

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Президент жолдауында айтылған міндеттерді түсіндіру үшін арнайы актив жиыны өтті.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін облыс әкімінің өкімімен арнайы ақпараттық түсіндіру тобы құрылған болатын. Ақпараттық топты облыс әкімінің орынбасары Мәдиев Алмас Өскенбайұлы бастап келді. Актив жиынында сөз алған топ жетекшісі Алмас Өскенбайұлы:

-Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі Жолдауы дамудың кең перспективаларын айқындап берді десек, ондағы міндеттерді жүзеге асыруға бәріміз жұмыла атсалысуға тиіспіз-деді.

Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын аралады. Алдымен «Компания A & T – Энерго» ЖШС-нің жұмыстарымен танысты. Мұнда қазіргі кезде өндірген электр қуатын «Жамбыл электр желілері» ЖШС-не және Қордай ауданына 1 КВт–14,50 теңгеден (ҚҚС-сыз) өткізуде. Әрмен қарай «Элнур Адил Групп» ЖШС жай-күйін көрді. Қазіргі кезде аталған серіктестік макарон цехының құрал-жабдықтарын орнату жұмыстарын қолға алып, нысанның электржүйесін жүргізу жұмыстары 90%-ға аяқталған. Іске қосылу мерзімі: 2021 жылдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз,-дейді серіктестік иелері.

Сапар соңында Алмас Өскенбайұлы «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында болды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close