Басты бетСаясатҚоғамӘлеумет

«Туы биік елдің – тұғыры биік»

Әлемде 200 – ден астам мемлекет бар болса, соның барлығында өзіндік елтаңбасы мен туы бар. Кез келген елді мемлекеттік байрағысыз елестете алмаймыз. Сәйкесінше, әр елдің туына қарап оның салт -дәстүрін, тарихын көресің. Осы орайда біздің туымызға қарап та өзге елдің азаматтары еліміз туралы түсінік қалыптасатындығы айдан анық.

Елімізде мемлекеттік туымыз 1992 жылы қабылданды. Мемлекеттік тудың дизайнын жасауға 1200 шығармашылық өкіл қатысты. 600-ден астам адам пікір білдіріп, 245 сурет жобасы ұсынылды. Нәтижесінде жүзден жүйрік мыңнан тұлпар болып суретші Шәкен Ниязбековтың туындысы таңдалды. Осы орайда кейбір деректерде тудың түсі алғашында қызыл түсте болған. Біраз уақыттан кейін қызыл түстің орнына алтын түске өзгерткен екен. Осы жерде атап кетейік, еліміздің тарихында ту тек тәуелсіз алғаннан кейін ғана емес, бұрын да бар еді. Оған мысалға өткен ғасырға үңілсек ата-бабаларымызда байрақ болған ғой. Олар жауға шапқанда, жекпе-жекте жеңіске жеткенде байрақты аспанға көтеріп, «әруақ» деп айғайлаған. Қазіргі уақытта да туымыз ол жәй көк шүберек емес, ол еліміздің атын паш ететін ерекше белгі. Спортшылар әлемдік додаларда жеңіске жеткенде әнұранымыз шырқалып көк туымыз көтерілгенде кеудемізге ерекше отаншылдық сезім билейтіні анық. Алайда кейде біздің туға деген қарым-қатынасымыз қарын ашыртады. Мысалға Өскеменде тұратын ҚР азаматшасы жаңбырдан көкеністерін қорғау үшін. Ол ол ма?! Шымкентке тазалықшылар туды пайдаланып қоқыс шығарған. Бұл деген туға деген құрметсіздік емес пе?! Осы жерде көк туымыздан басқа зат жоқ па? Осындай жағдайлар орын алған соң туға байланысты заң шығарылды. Әрине, бәлкім біреулер туға байланысты заң шығарып не керек дер. Бірақ заң шығару тек біздің елде ғана емес, өзге елдің тәжірибесінде де бар. Мысалға 2014 жылы қаңтар айында Мысырда мемлекеттік туды қорлағаны үшін 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы қылмыстық жауапкершілікті заң жүзінде бекіткен. Өз кезегінде АҚШ-та да туды қалай қолдану керек, не нәрсеге тыйым салынатындығы тәтпіштеп жазылған. Туды құрметтеу отаныңды сүюдің құрметтеудің белгісі. Ал «Отан отбасынан басталады» дегендей жанұямызды, туымызды аяқ асты етпейік.

Біз өз туымызға қалай қарым-қатынас жасасақ өзгелер де солай қарым қатынас жасайды. Туымызды биік ұстасақ, туы биік елдің-тұғыры биік болатыны сөзсіз!

Абзал Есіркепов, Жастар ресурстық орталығының директоры.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close