Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Таразда мобильді топтың жұмысы қарқынды


Тараз қалалық әкімдігінің тарапынан құрылған мониторингтік топ қалада орналасқан кәсіпкерлік субъектілеріне рейдтік жұмыстарын күнделікті жүргізуде.

Карантиндік шектеу шаралары басталғаннан бері 586 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 114 млн. теңге сомасында айыппұл салынды.
Оның ішінде 2021 жылы 397 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 72 млн. теңге айыппұл салынды.
23 талап-арыз материалдары ауданаралық экономикалық сотқа нысанның қызметін тоқтатуға жіберілді. 17 нысанға қатысты шешім шықты, 4 іс-құжат қараусыз қалдырылды, 2 іс-құжатты қарау тоқтатылды.
Тараз қаласы бойынша жеке кәсіпкерлер «Ashyq» бағдарламасына қатысуда, кәсіпкерлер үшін қосымшамен жұмыс істеуде QR-кодты алып, бүгінде өтініш берген 456 нысан жұмыс істеуде.
Бүгінде дәмханаға барған:

  • «Қызыл» түс белгіленген ПТР-тесті оң нәтиже шыққан 250 адам;
  • «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған 170 адам тіркелді. Аталған тұлғаларға 30 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, 1,4 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
    Бүгінгі күні мониторингтік топтың жұмысы күшейтілді. Атап айтқанда:
  1. Жастар тарапынан құрылған еріктілер тобы қоғамдық көліктер, қоғамдық орындар мен базарлар, сауда орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, санитарлық нормаларды қадағалауды қамтамасыз етуде.
  2. Ұлттық ұлан 5513 әскери бөлімінің сарбаздарынан барлығы 60 адамды құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала аумағындағы карантиндік режимді сақтамай, бірнеше рет айыппұл алған кәсіпкерлік нысандарға қойылды.
  3. Тараз қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының «Навигатор» арқылы бақылау жүргізілуде.
    Онда отбасылық іс-шара ұйымдастырылатын мейрамханаларды бірден анықтап, той басталмай бірден тоқтатылып, таратылуда. Ондағы мейрамхана иесіне, той ұйымдастырушыға және асабалық қызмет көрсетуші тұлғаға хаттамалық акті бөлек толтырылады.
    Нәтижесінде тамыз айында 138 іс-құжат қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Оның ішінде 98 құжатқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып 20,3 млн. теңге сомасында айыппұл өндірілді. 26 іс-құжат жұмыс барысында. 6 іс-құжат заңнама талаптары негізінде қараусыз қалдырылды, 8 іс-құжат материал жеткіліксіздігінен кері қайтарылды).
    Осы атқарылған жұмыстың нәтижесінде Тараз қаласында аурушаңдық көрсеткішінің төмендеу тенденциясы байқалады.
    Мәселен, тек соңғы 3 күнде аурушаңдық көрсеткіші – 70, 60, 57 жағдайы тіркеліп отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close