Басты бетҚоғамӘлеумет

Атаулы әлеуметтік көмек хақында

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек-бұл шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға  мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін орталық атқарушы орган мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық мәнде орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы негізінде айқындайды.

Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері

«Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» заңына сәйкес бір адамға немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін отбасының әрбір мүшесі есебінен орташа жан басына шаққандағы табыс және облыстарда белгіліенген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде уәкілетті орган есептейді. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі. Ал өтініш беруші 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы хабарлауға міндетті.

Жан басына шаққандағы орташа табыс қалай есептеледі?

Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаның жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.

Отбасының жиынтық табысына белгіленген уақыт кезеңі ішінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмегінен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысу шеңберінде мемлекеттік қолдау іс-шараларынан басқа табыстың барлық түрлері қосылады. Әкімдіктер өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып келесілерді кіріс бермейді деп айқындауға құқылы: үй малы, құсы, жер учаскесі.

Жан басына шаққандағы орташа табыс әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.

2021 жылдан бастап «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» қызметі «электорнды үкімет» порталы арқылы көрсетілуде.

АӘК-ке азаматтар «Электрондық үкімет» www.e-gov.kz порталы арқылы электрондық- цифрлық қолтаңбасымен «Астана» мөлтек ауданы, 31 үйде немесе «Халықты жұмыспен қамту орталығының»(Желтоқсан көшесі 78 үй) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында, мамандардың көмегімен өтініш тапсыруда.

Тоқтағұл Батырхан, «Тараз қаласы әкімдігінің

халықты жұмыспен қамту орталығы»

КММ директоры.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close