Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғамӘлеумет

Мемлекеттік инспектор Шу ауданында болды

Күні кеше Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ғабидолла Оспанқұлов Шу ауданында болды.

Мемлекеттік инспекторды аудан әкімі Нұржан Календеров қарсы алды. Негізгі мақсат өңірлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстарын көру. Жұмыс сапарын Шу қаласындағы Қант зауыты мөлтек ауданына кіреберістегі «ЭЛНУР АДИЛ ГРУПП» ЖШС жұмысымен танысты. Мұнда қазіргі кезде Макарон цехының құрал-жабдықтары орнату жұмыстары қолға алынып, электр жүйесін жүргізу жұмыстары 90 пайызға аяқталған. Сондай-ақ, қуаттылығы диірмен тәулігіне 120 тн, макарон цехы – тәулігіне 22 тн, бидайды сату – айына 7000 тн. Жоба құны 3,5 млн АҚШ долларын құрайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз,-дейді серіктіестік иелері.

Бұдан соң «Шу жылу» КМК-ның жылыту маусымына дайындық барысына назар аударып, аталған кәсіпорынға тиесілі Шу қаласындағы С.Шакиров көшесіндегі жаңартылып жатқан жылу құбырларының жұмысын қадағалап, кәсіпорын басшысына құрылыстың тиісті уақытта аяқталуын тапсырды. Бұл орталық барлығы 358 нысанға қызмет көрсетуге дайын. – Орталық қазандықта көгілдір отынмен қоса қатты отынды да пайдалануға мүмкіндік бар. Сондықтан төтенше жағдайларға байланысты қатты отынды да дайындып отыру керек,-деді Ғабидолла Оспанқұлов.

Сонымен қатар Ғабидолла Абдоллаұлы аудан орталығы Төле ауылында бой көтеріп жатқан «Оқушылар сарайы» құрылысымен танысты. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен бой көтерген оқушылар сарайының құрылысы да аяқталуға жақын қалған. Аталған нысынға мемлекеттік инспекор оң бағасын берді. Әрмен қарай сол маңда орналасқан аудандық орталық аурухананың жылыту маусымына дайындық жұмыстарын да көріп шықты.

Сонымен қатар Ғабидолла Оспанқұлов Жаңақоғам ауылдық округінде болып, ауылдың ахуалын аралап көрді. Аталған ауылдық округте жаңадан сайланған 3 ауыл әкімімен кездесті. -Біз жергілікті атқарушы органдардың дербестігін нығайтуға бағытталған сайлау процесінің бірінші және маңызды кезеңдерінен табысты өткердік. Алғаш рет елімізде Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қаңтар айында Парламент палаталарының бірлескен отырысында ауыл әкімдерін сайлаудың жаңа жүйесін жария еткені белгілі. Мемлекет басшысы сол кезде азаматтардың шешім қабылдау процесіне ықпалын күшейту үшін осындай серпін берудің маңыздылығын атап өткен болатын. Осыған байланысты жаңадан сайланған әкімдерге үлкен жауапкершілік жүктеледі», -деді өз сөзінде мемлекеттік инспектор.

Сапар барысында М.Мақатаев мектебінің жылыту маусымына дайындығын көрді. Мұнда да жылыту маусымына қазандық толықтай дайын. Ғабидолла Оспанқұлов Төле би ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектебінің жаңа құрылыс жұмыстарымен танысты. 1960 жылы салынған білім ошағының тозығы жеткен. Осыған байланысты 300 орындық жаңа ғимараттың құрылысы басталған. Құны 905 млн. 488 мың теңгені құрайды. Келер жылы жаңа оқу жылына пайдалануға береміз деген нысанның құрылыс қарқыны баяу жүргізілуде. Тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы. Ғабидолла Оспанқұлов жауапты басшыларға құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды. Сапар соңында Шу-Бурылбайтал автожолының Мойынқұм бағытындағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close