Ауыл шаруашылығыБасты бетҚоғамӘлеумет

Таразда азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылған жұмыстар

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жағдайы бойынша:

          Қала аумағында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері тарапынан 9 сауда нүктесі («Магнум», «Small», «Смарт», «Дәмді себет», «Сафият», «Дәмдес», «Гаухар-Фиркан», «Нұрислам», «Алма»), 3 базар (Қайқармет, Ауыл Береке, Коммуналдық базар) және 16 әлеуметтік дүңгіршектерге тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

          2021 жылғы 03 тамыздағы жағдай бойынша мониторингтік топтың қала дүкендеріндегі брендтік азық-түлік тауарларының бағасына жүргізген зерделеу нәтижесі бойынша 3-ші тоқсанда бекітілген шекті мәнімен салыстырғанда 4 позиция бойынша баға қымбаттаған. Атап айтқанда: өсімдік майы – 238 теңгеге немесе 48 пайызға (шекті мәні – 498 теңге), картоп – 24 теңгеге немесе 23 пайызға (шекті мәні – 97 теңге), сәбіз – 61 теңгеге немесе 53 пайызға (шекті мәні – 116 теңге), пияз – 35 теңгеге немесе  61 пайызға (шекті мәні – 57 теңге), жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр.

          Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін «Тараз» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы тарапынан қала аумағындағы 7 ірі сауда дүкендерінен әлеуметтік бұрыштар ашылды.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары қаладағы ірі сауда орындары және азық-түлік сақтау қоймаларының басшылармен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстеме ақы 15 пайыздан асырмау туралы үшжақты меморандумға қол қойды. 

          Нан бағасын тұрақтандыру бойынша:

Нан бағасына келетін болсақ, Тараз қаласы бойынша бүгінгі күнге 7 наубайхана жұмыс істейді. Олар: ЖК «Козин», ЖК «Бидай нан», «Тараз нан зауыты» ЖШС, ЖК «Касымов М.», «Надыров» ЖШС, ЖК «Шермухамедов» және ЖК «Ким В.В.». Қала бойынша нан қажеттілігі тәулігіне 80 000 – 83 000 дананы құрайды. Тіркелген наубайханалар нанға деген қажеттілікті толығымен қамтуда. Қаладағы сауда орындарындағы нанның бөлшек бағасы 82-90 теңге аралығында сатылуда, баға тұрақты. Қала бойынша наубайханаларда ағымдағы жағдайда 23 тонна жоғары сұрыпты ұн, 102 тонна бірінші сұрыпты ұн қалдығы бар.

Әлеуметтік дүңгіршектердің жұмысы бойынша:

Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың  2020 жылғы 17 қарашадағы №205 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу мақсатында «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ «Империя» ЖК-мен бірлескен қызмет туралы шарт жасасып, жаңа форматта 10 әлеуметтік дүңгіршектер ашылды.

  1. Абай даңғылы 157, «Смарт» дүкенінің маңы
  2. «Қарасу» ш.а. №18 үйдің маңы
  3. 15 ш.а. №31-33 үйлердің арасы
  4. 15 ш.а. №21-23 үйлердің арасы
  5. «Қант зауыты» алқабы, Рафинадная көшесі №1
  6. «Бәйтерек» ш.а. №18 үйдің маңы
  7. «Төңкеріс» т.а. №8 үйдің маңы
  8. «Аса» мөлтек ауданы №40 үйдің маңы
  9. «Шалғай Қарасу» алқабы, А. Байтұрсынов көшесі №28

   10.«Шөлдала»  алқабы, Байзақ батыр көшесі № 55 мектептің маңы

Бүгінгі күнге, ескі форматтағы әлеуметтік дүңгіршектердің жалпы саны алты.

     1.  «Самал» ш.а. № 14 үйдің маңы

2.  «Талас» ш.а.  «Виктория » дүкенінің маңы

3.  «Талас» ш.а. № 22 үйдің маңы

4. «Қаратау» ш.а. № 3 үйдің маңы

  • «Қарасу» ш.а. № 4 үйдің маңы
  • «Бәйтерек» ш.а. № 12 үйдің маңы
АтауыIII тоқсанға шекті мәні, теңгеӘлеуметтік дүңгіршектердегі  азық-түлік бағасы, теңгеАйырмасы, теңге
1.Тазартылған күріш353240-113
2.Бірінші сұрыптағы бидай ұны165125-40
3.Қарақұмық жармасы384320-64
4.Бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан14280-62
5.Рожки297200-97
6.Сиыр еті (жауырын-төс бөлігі)1885
7.Тауықтың еті924730-194
8.Сүт, пастерленген майлылығы 2,5% полиэтилен пакетте218180-38
9.Айран, малылығы 2,5% полиэтилен пакетте296245-51
10.   Сүзбе, майлылығы 5-9%1601750-851
11.   I санаттағы тауық жұмыртқасы, 10 дана304250-54
12.   Сары май тұздалмаған, майлылығы 72,5% кем емес, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ23722050-322
13.   Өсімдік майы – күбағыс майы49856062
14.   Ақ қауанды қырыққабат9650-46
15.   Басты пияз57603
16.   Асханалық сәбіз116115-1
17.   Картоп9711518
18.   Ақ қант – құмшекер2112209
19.   Ас тұзы («Экстра»-дан басқа)5437-17

          Сондай-ақ, әлеуметтік дүкендер желісін кеңейту аясында, қала аумағында қосымша 5 дүкенді ашу жоспарланып жатыр.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі туралы:

Облыс тұрғындарына азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасау, отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдау, жарнамалау және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін 2021 жылдың  23 қаңтарынан бастап – 4 қыркүйек аралығында әр аптаның сенбі күндері Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы және Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен қала аумағында орналасқан «GRAND BAZAАR» сауда кешені алдында жалпы саны 35 жәрмеңке өткізіліп, 302,8 млн. теңгенің 1367,8 тонна тауарлары өткерілді.

Дархан Егеубаев, Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close