Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Таразда «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері марапатталды

16 тамызда Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Туған өлке» номинациясы бойынша – «ТаразСтрой-2004» ЖШС-нің директоры М.Жүнісов, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша – «Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Лештаева, «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы бойынша – Жамбыл облысы полиция департаментінің майоры Д.Кинжеханова, «Жыл меценаты» номинациясы бойынша – «АгроСпецСтрой» ЖШС-ның директоры М.Рахымбердиев, «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша – «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің күміс жүлдегері Ғ.Крикбай марапатталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close