Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Шу ауданында ауқымды шаралар өтті

Шу ауданына белгілі ғалым, Нұр-Мубарак университеті ректорының ғылыми кеңесшісі, теология ғылымдарының докторы Мұхитдин Исаұлы арнайы келіп, ауқымды шараларға қатысты.

Мұхитдин Исаұлы Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлымен бірге бірқатар шараларға қатысып, алуан аудиторияға дәріс оқыды.

Алдымен күре жолдың бойындағы №10 Шу колледжінің студенттерімен кездесіп, сүбелі сұхбат құрылды. Сұрақтарға сауатты жауаптар беріліп, жат ағымның жетегіне ермеудің маңызына тоқталып, ата-ананы сыйлау, Отанды сүю секілді тақырыптар қаузалды.

Одан кейінгі кездесу Шу қаласындағы «Тарлан» спорттық сауықтыру кешенінде жалғасып, құрметті қонақ жаттықтырушыларға және жас спортшыларға өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пайдалы ақпараттармен бөлісті. Осында ауандағы шаралар «Жібек жолы» мектеп лицей оқушыларымен онлайн режимде жалғасып, түскі үзілістен соң теміржолшылармен, Қонаев ауылындағы тұрғындармен жүздесумен түйінделді. Кешкі құптан намазында Мұхитдин Исаұлы Қант зауыты мөлтек ауданындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жамағатына жат ағымның жамандығы туралы әңгіме өрбітіп, ұлттық құндылық турасында тілдеспек. Берекелі бейсенбіде құрметті қонақ Шу аудандық «Жәми» мешітінде имамдарға арналған семинар өткізіп, (COVID-19) ауруына қарсы ем қабылдау бойынша екпе салу керектігін алға тартып уағыз-насихаттар айтылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close