Ауыл шаруашылығыБасты бетҚоғамӘлеумет

Таразда тұрғын алқаптар ауыз сумен қамтамасыз етілуде

2019 жылы келесі тұрғын алқаптарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жоба-сметалық құжаттарын жасап, ведомстводан тыс сараптамадан өткізу үшін бюджеттен қаржы қарастырылды, олар:

1) «Тектұрмас» алқабының ауыз су жүйесінің құрылысы» нысаны бойынша 6,2 млн.теңге.

2) «Қарасай» алқабының ауыз су жүйесінің құрылысы» нысаны бойынша 6,2 млн.теңге.

3) «Шөлдала, Құмшағал, Қызыл-Абад, Казарма, Көлтоған, Жиделі шағын аудандары мен 28 саяжай алқаптарын ауыз сумен қамтамасыз ету» нысаны бойынша 10,0 млн.теңге.

«Тектұрмас», «Қарасай», Шөлдала, Құмшағал, Қызыл-Абад, Казарма, Көлтоған, Жиделі шағын аудандары мен 28 саяжай алқаптарына ауыз су жүйесінің құрылысы насаны бойынша жалпы құны 17 500,0 мың теңгеге жобалаушы серіктестік «Ұлмад» ЖШС-мен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен келісім-шарт жасалды. Қазіргі уақытта 6 алқап «Жиделі», «Тектұрмас», «Көлтоған», «Құмшағал», «Қызыл-абад», «Казарма» бойынша сараптама нәтижесі алынып қалған алқаптар бойынша сараптамадан өтуде.

– «Жиделі» алқабы – 112,3 млн.тг

– «Тектұрмас» алқабы – 222,0 млн.тг

– «Көлтоған» алқабы – 153,0 млн. тг.

– «28 саяжай алқаптары» – 1475,0 млн тг

– «Қарасай» алқабы – 488,0 млн тг

– «Шөлдала» алқабы – 1025,0 млн тг

– «Құмшағал» алқабы – 1 095,2 млн тг

– «Казарма» алқабы – 464,2 млн тг

– «Қызыл-Абад» алқабы – 288,3 млн тг

Қазіргі уақытта «Жиделі», «Көлтоған», «Құмшағал», «Тектұрмас», «Казарма» алқаптары бойынша энергетика және тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылып, қаржы қарастырылуда.

Қалған жобалар бойынша бүгінгі таңда су мұнарасының орналасқан жерінің және желі түсетін аумақтардың жер телімдерінің  мемлекеттік актісін заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Мемлекеттік акті заңдастырылған соң, сараптамаға жіберіледі.

28 саяжайдың су құбыры 59 шақырым, су тұтылымы орта есеппен 245 текше метр/сағатына, жалпы құны 1,475,000 млн. болады деп жоспарлануда. Сараптама қорытындысы 2021 жылдың қыркүйек айына дейін шығару күтілуде. 2022 жылға құрылыс жұмыстарына республикалық бюджетке өтінім берілетін болады.

Зият Тұрсынұлы, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close