Басты бетСаясатҚоғам

Таразда мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесі, әкім аппараты, жұмыспен қамту орталығы және 7 әкімдік бөлімдерімен мемлекеттік тізілім бойынша мемлекеттік қызметтердің 56 түрі көрсетіледі.

Тараз қаласында 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша,  60 619 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, ұйымдастырылған іс-шаралар саны 287.

Оның ішінде:

Бейнероликтер – 27;

БАҚ-та жарияланған мақалалар – 49;

Семинар-кеңес хаттамалары- 17;

Әлеуметтік желілерде орналастырылған материалдар – 194.

Тараз қаласы әкімімен «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын  қамтамасыз етудің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, Тараз қаласы әкімінің «www.gov.kz» ресми сайтына,  Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне видео–роликтер мен ақпараттар орналастырылып, семинар-кеңестер ұйымдастырылып келеді.

Тараз қалалық қоғамдық кеңесімен 2021 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін  көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізу көзделген. Аталған жоспарға сай І тоқсанда «Тараз қаласы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінің мемлекеттік қызмет көрсету» мәселесі қаралып, ал ІІ тоқсанда «Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және ІІІ тоқсанда «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қаралып, ұсыныстар берілді.

Ақпан айында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен 2021 жылы БАҚ-на және әкімдіктің әлеуметтік желілеріне  жарияланатын ақпараттар туралы кесте бекітіліп, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мәселелер бойынша ақпаратты әзірлеп, жолдау Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесіне жүктеліп, ай сайын кестеге сай ақпараттар жарияланып келеді.     

Қала тұрғындарына электронды қызметтер қолжетімді болу үшін, Тараз қаласы әкімдігі бөлімдерінде «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған, жауапты мамандар бекітілген.

2021 жылдың ақпан айында әлеуметтік мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуды танымал ету, ашық, қолжетімді, әрі сапалы алу жолдарын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» және Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен мемлекеттік қызметтерді алу бойынша 2 тілде бейнеролик түсірілді, сонымен қатар   «aleumet.egov.kz» әлеуметтік порталынан ЭЦҚ кілтімен әлеуметтік қызметтерді алу мүмкіндігі бойынша Паралимпиада ойындарының чемпионы, жүзу бойынша мастер спортшы Зульфия Габидуллинамен бейнеролик түсірілді.

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің видеонұсқаулығы 2 тілде жасалынып, орталықта қызмет алушылардың назарына ұсынылды. Әзірленген бейнематериалдар қала тұрғындарының назарына «Акимат города Тараз», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» Instagramжәне «taraz.akimdigi», «Otdel_gos_uslug_taraz» Facebookәлеуметтік желілерінежәне жеке әкімдік бөлімдердің әлеуметтік желілеріне орналастырылды.

2021 жылғы мамыр айында «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, қағидалардың бизнес-процесстерінің сақталуы және  «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру бойынша  2021 жылға арналған семинар-кеңестерді ұйымдастыру іс-шараларының жоспары» бекітіліп, жоспарға сай жұмыстар атқарылып келеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау бойынша Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысымен 2021 жылғы 05 наурызда қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізу және 2021 жылғы 05 наурызда қоғамдық қабылдау жоспарлары бекітіліп, жоспарға сай Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесі және 7 әкімдік бөлімдерінде қоғамдық қабылдау жұмыстары өткізілді.

Сонымен қатар, әкімдік бөлімдерімен электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру үшін, электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау және қолжетімді нысанда көрсетілу тәртібі туралы бейнероликтер әзірленіп, бейнематериалдар әлеуметтік желілер арқылы жергілікті тұрғындардың назарына ұсынылып келеді.

Меруерт Молдағалиева, Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бөлімшесінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close