Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Т.Рысқұлов ауданының әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов аудан тұрғындарын жеке сауалдарымен қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің ауқымы кең болды. Оның ішінде, жер мәселесі, мүмкіндігі шектеулі азаматты қорғаншылыққа алу, АСП алу, жұмысқа орналасу, несие алу, газ кіргізу және үй тұрғызуға демеушілік көрсету сауалдары бар.

Аудан басшысы өз тарапынан қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында шешімін табатынын және қордаланған мәселелер тиісті сала басшыларына жолданып, әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.

Сондай-ақ, бұған дейінгі өткен қабылдау кезінде де бірқатар маңызды мәселелер айтылған болатын. Оның ішінде, Шолақ-Қайыңды ауылына газ кіргізу, жеке тұрғын үйдің шатырын жөндеп беру, денсаулық және оны сақтандыру мәселесі, жер телімін бір түрден екінші түрге ауыстыру, асыл тұқымды малдарына субсудия алу, үйіне газ кіргізуге көмек беру, кәсібін ұлғайтуға жер телімі қажеттігі және тұрғын үй мәселелері бойынша болған еді. Аудан әкімі қойылған барлық сауалдарға сол жерде жауап беріп, шщешімін күткен мәселелерді назарында ұстайтынын айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close