Білім көкжиегіБасты бетҚоғам

Жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер

  Өткен оқу жылындабілім беру саласы үшін тарихи жыл болды. Мектеп оқушылары тұңғыш ретін қашықтықтан білім алды.

Әрине жаңа жүйенің өз қиыншылықтары болары сөзсіз.

Қашықтықтан оқу форматы оқушы, ата-ана және педагогтер үшін жаңа жағдай болғандықтан қызығушылық пен қорқынышты, күдік пен үмітті қатар туғызды.

Дегенмен де, оқушылар алғырлығын, педагогтар іскерлігін, ата-аналар жауапкершілігін таныта білді.

Педагогтар мен ата-аналар проблемалардың сәтті шешілуіне өз үлестерін қоса білді.

Қашықтықтан білім беру бізге не берді? Қандай нәтижеге қол жеткіздік? деген сұрақ әрқайсымызды  ойландырды.

Біріншіден:Ата-аналар баланы оқытудың өзіндік қиыншылықтары бар екенін көріп, мұғалім еңбегін тереңнен түсінді.

Екіншіден: ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру деңгейі артты.

Үшіншіден: балалар тапсырманы өз бетінше орындауға дағдыланды.

Жаңа оқу жылында Тараз қаласында 59 мемлекеттік, 10 жекеменшік мектеп жұмыстарын жүргізетін болады.

         Мемлекет тарапынан орта білім беру жүйесіне енгізілген жан басына қаржыландыру жүйесі өз нәтижесін көрсетуде.

         Жекеменшік мектептер желісінің кеңеюі мемлекеттік мектептердегі оқушы орнының  тапшылығын азайтуға өз  септігін тигізуде.

         Мәселен, соңғы 2 жылда мемлекеттік мектептерге қабылданатын 1 сынып оқушыларының саны төмендеуде.

         Жаңа оқу жылы №2,16 орта мектептердің жаңа ғимараттары пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 2 мектептің құрылысы жүргізілуде, №22 орта мектеп пен «Шалғай Қарасу» алқабынан 600 орынға арналған жаңа жыл соңына дейін іске қосылатын болады.

         Бұл өз кезегінде қаламызда қалыптасып отырған үш ауысымда жұмыс жүргізетін 2 мектептің мәселесін толық шешетін болады.

         Ағымдағы 2021-2022 оқу жылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген «Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»  Әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа  алынып, нақты мақсат пен міндеттер айқындалып берілді. Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі екі жыл пандемия жағдайында өткені баршамызға белгілі. Осы жағдайға байланысты балалар қашықтан оқыды. Шектеу шараларына байланысты білім алушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толықтыру өзекті міндет болып отыр.  

         Әрбір педагогке шәкірттерінің білімін толықтыру бойынша арнайы жұмысты ойластыру және тиімді жүргізу қажеттігі  міндеттелді.

         Оқу жылында білім алушылардың білімін толықтыру, оқу жүктемесінің төмендетілгенін ескеру, қауіпсіздік және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету барша білім беру ұйымдарының назарында болуы тиіс.

         Осыған сәйкес білім беру ұйымдарында мақсатты жұмыс жоспары, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары әзірленді. Білім алушылардың оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою және білімін толықтыру бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда. Пән мұғалімдері мен оқушылардың арасында алтын көпірдің орнығуы кез-келген кемшілікті реттеуге себебін тигізеді.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалық білім деңгейін, әрбір оқушының меңгеруін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында іс-шаралар жүргізілуде.  

         Осы жерде «Оқуға құштар мектеп» жобасын жандандыру басты назарда. Мектептерде күнделікті 20 минуттық кітап оқу уақыттарын  ұйымдастырылуда. 

         Ата-аналар арасында үлгілі отбасы тәрбиесін насихаттау, бала тәрбиесінде әкелердің беделін арттыру мақсатында алдағы оқу жылында бұл бағыттағы жұмыстар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ана келбеті» және «Менің идеалым» кіші жобаларымен жалғасатын болады.

  Кез келген білім беру мекемесі – бұл балалармен мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың мүддесі қиылысатын ерекше әлем. Алдағы міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқаруда білім қызметкерлері талмай еңбек етеді деп сенемін.

Саясат Есеев, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close