Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Т.Рысқұлов ауданының әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

Т.Рысқұлов ауданында қоғамдық қабылдау бөлмесінің кестесіне сәйкес, аудан әкімінің тұрғындарды жеке өтініш-тілектері бойынша көшпелі қоғамдық қабылдауы өтті.

Қарақыстақ ауылында өткен көшпелі қоғамдық қабылдауда ауыл тұрғындары тарапынан облыстық туберкулезға қарсы балалар санаторийінен босап, жұмыссыз қалған қызметкерлер мен жұмысшыларды жұмысқа орналастыру, Каменка ауылының тұрғыны тұрғын үйінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселесі, жеке шаруақожалықтың егістігінің жанындағы тікқұбырды заңдастыру, Қазақ ауылындағы Абай және М.Мәметова көшелерін асфальттау, баспана алу мен тұрғын үй кезегі, жеке кәсібін бастау үшін несие алу мен тұрғын үйге көгілдір отын кіргізу сынды әлеуметтік мәселелер көтерілді. Аудан әкімі өз тарапымнан қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында шешімін табатынын және айтылған мәселелер тиісті сала басшыларына жолданып, әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.

Сондай-ақ, бекітілген кестеге сәйкес Абай ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға келген азаматтар Қ.Сәтпаев бұрылысы, Жастар және Самал көшелеріне 10-санаттағы жаңа электр желілерін жүргізу, ауылда мәдениет үйін салу, Абай және Жамбыл көшелері арасындағы жолды жөндеп беру және азық-түлік тауарларының бағасы қымбаттығы секілді мәселелерді айтты. Барлық азаматтарға заң аясында жауаптар беріліп, мәселелері бақылауға алынды.

Ал Луговой ауылында өткен көшпелі қоғамдық қабылдауда ауыл тұрғындары тарапынан иесіз иттер мәселесі, жер кезегі, Түркісіб және Т.Қуанышбекұлы көшелеріне көше жарығын жүргізу, Теміржолшы және Қ.Әбіқұлов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу мен теміржол электр энергиясының тарифінің қымбаттығы сынды әлеуметтік мәселелер көтерілді. Аудан басшысы өтініштердің барлығы заң аясында шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close