Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің Қарттар күнімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!

Қымбатты ардагерлер!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін айрықша күн.Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – біздің халқымыздың дәстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет.Еліміздегі салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне, шығармашылық әлеуеті мен белсенділігін арттыруға барлық жағдай жасалып келеді.

Бүгінде ауданымызда 320 тыл ардагері және 6900 зейнет жасындағы абзал қарияларымыз мен апаларымыз бар.Сіздер ауданымыздағы қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, даналықтың, парасаттылықтың өнегесі болып, жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне де елеулі үлес қосып келесіздер!

Ардақты ардагер ағалар мен ақ жаулықты аналар!Сіздерді мерейлі мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бейбіт те берекелі тірлік тілеймін.Еңселеріңіз тік, өмірлеріңіз шуақты болып, күш-қуаттарыңыз сарқылмасын! Халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Игі тілекпен,Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close