Білім көкжиегіБасты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің Ұстаздар күнімен құттықтауы

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!

АРДАҚТЫ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қай кезеңде болмасын тәлім мен тәрбие беру – ең ұлы мұрат. Бұл орайда, оқушы зердесін осынау асылды дарытушы, білімнің бағдары, ұрпақтың бағбаны ол ең алдымен – мұғалім. Ендеше, мұғалімдер күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке.

Мектеп пен ұстаз – білімнің қайнар көзі, тәрбие-тәлімнің дара орталығы. Білім – тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымыздың басты алғышарты. Бүгінде ауданымызда жас ұрпаққа білім мен өнегелі тәрбие беру ісімен 4 мыңнан астам білім саласының қызметкерлері айналысады. Тәрбиелі де білімді ұрпақты қалыптастыру сынды жауапкершілігі өте зор міндеттің ұстаздар қауымына жүктелуі осы мамандықтың қаншалықты қастерлі екенін айғақтайды.

Қымбатты білім саласының қызметкерлері!Баршаңызға мерейлі мереке күні мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңыздың амандығын тілей отырып, еліміздің, ауданымыздың атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін!

Игі тілекпен, Т.Рысқұлов ауданы әкімі Ерболат Садырқұлов.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close