Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Тараздан тарту

4 қазанда Таразда қала әкімдігінің қолдауымен шалғай орналасқан «Құмшағал» шағын ауданында «Тараздан тарту» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Қала күніне орай өткен іс-шара барысында мәдениет бөліміне қарасты Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің мерекелік концерті, қалалық кітапхананың кітап көрмелері және спорт бөлімі тарапынан ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, тегін медициналық көмек көрсетілді.

Мерекелік іс-шара 4-5 қазан күндері «Шөлдала», » Шалғай қарасу «,» Қант зауыты » алқаптарында ұйымдастырылатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close