Білім көкжиегіБасты бетЖаңалықтарҚоғам

Т.Рысқұлов ауданында «Парасатты отбасы» байқауы өтті

Т.Рысқұлов ауданында «Парасатты отбасы» атты онлайн байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, әділ, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында екі кезең бойынша өткен «Парасатты отбасы» байқауының мектепішілік, аудандық байқауы өз мәресіне жетті.

«Парасатты отбасы» байқауын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен 2019 жылдан бастап аудандық білім бөлімі ұйымдастырып келеді.

Бірінші кезең бойынша мектепішілік байқауға 860 отбасы қатысты. Іріктеліп алынған 72 отбасының жұмыстары аудандық кезеңге өтті. Атап айтқанда, «Шеберлер отбасы» номинациясынан Желеу ата отбасы мен Сағындықовтар отбасы, «Ең салауатты отбасы» номинациясынан Советовтер отбасы, «Өнерлі отбасы» номинациясынан Кулышевтар отбасы, «Парасатты отбасы» номинациясынан Болатбековтар отбасы, Маликеевтер отбасы мен Исаевтар отбасы, «Көптілді отбасы» номинациясынан Иманбаевтар отбасылары үздіктер қатарынан көрініп, облыстық қорытынды кезеңге жолдама алды.

Байқау нәтижесінде үздік атанған отбасылар аудандық білім бөлімінің дипломдарымен және Т.Рысқұлов ауданының білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің демеушілігімен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close