Білім көкжиегіБасты бетЖаңалықтарҚоғам

Т.Рысқұлов ауданында пікірсайыс турнирі өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 6 қазан күні «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне» орай пікірсайыс турнирі өтті.

Абай атындағы орта мектебінің базасында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өткізілді.

Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.

Аудан бойынша пікірсайыс турниріне 26 команда қатысты. Аудандық пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша 1орынды Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі, Абай орта мектебі 2 орынды иеленіп, облыстық кезеңіне жолдама алды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close