Білім көкжиегіБасты бетЖаңалықтарҚоғам

Т.Рысқұлов ауданында ұстаздар мерекесі аталып өтті

Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Міне, сондықтан да елімізде ұстаздардың кәсіби мерекесінде мұғалімдерге құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау дәстүрге айналған.

Биыл да аталған дәстүр үзілмей, мұғалімдерді марапаттау шарасы 5 қазан күні Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Ерболат Садырқұлов Салқынбекұлы мен мәслихат хатшысы Абуталипов Ербол Абақұлы салтанатты түрде аудан ұстаздарын құттықтаудан соң шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие мен адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда қасиетті тұлға ретінде ерекшеленетін, білім көшін алға жылжытып, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген ауданның 50 үздік педагогын марапаттады.

Оның ішінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Құрмет грамотасы», Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Алғыс хаты», Жамбыл облысы кәсіподақтар кеңесінің «Құрмет грамотасы», Т.Рысқұлов ауданы әкімінің «Алғыс хаты», «NUR OTAN» партиясының «Құрмет грамотасы» және жұмыс нәтижесі бойынша Республикалық, облыстық деңгейде бас жүлде және І орын алған педагогтерді 100 000 теңгелік сертификаттармен марапатталды.

Ардақты жандарды құрметтеген шара соңында өнерпаздар ән әуелетіп, жырдан шашу шашты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close