Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам
Таразда еңбек адамдары марапатталды

9 қазан күні Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында «Қала күні» мерекесіне орай қаланың дамуына үлес қосып жүрген, құрметке лайықты еңбек адамдарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Іс-шара барысында қала әкімі Е.Жылқыбаев әр салада қызмет атқарып жүрген азаматтарды құттықтап, Алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтар табыстады.
- Жумагали Нурдаулет Максутович, Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері;
- Сагиндыков Джумабек, «Жасыл Ел – Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жол тазалығын сақтау учаскесінің жұмысшысы;
- Хадыходжаев Закир Хасанович, Тараз қаласы №4 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау прапорщигі;
- Шыныбеков Жамбылбек Рустенбекович, «Таразтрансэнерго» мекемесінің жылу желілерін жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 4 дәрежелі слесарь;
- Нурлыкулов Саттыбек Нурбекович, Тараз қалалық электр жүйесі оперативтік-диспетчерлік қызметі, шұғыл-шығу тобының электромонтері;
- Туртаев Секер Каналбаевич, «Жамбыл су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының механизмдер мен автокөлікті пайдалану және жөндеу телімінің эксковаторщигі;
- Нуртаева Сандугаш Жолдасбековна, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының мұғалімі;
- Дуйсембаев Женис Айтуарович, «Тараз Исмер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженері;
- Молдабеков Ерлан Калманович, «№5 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жалпы тәжрибелі дәрігері;
- Өскенбай Бексұлтан Ержанұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс басқармасының «Сәулеттік бюро» мекемесінің сәулетшісі.