Басты бетЖаңалықтарРуханиятҚоғам

Діни ахуал талқыланды

Өткен жұмада Шу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Е.Аймамбетовтың төрағалығымен діни бірлестіктермен байланысты орнықтыру жөніндегі жиын өтті.

Оған аудан мешіттерінің имамдары, ауылдық округтердің әкімдері, дін саласының мамандары, аудан әкімдігі бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Күн тәртібіне қойылған бірнеше мәселелер талқыланып, соның ішінде діни экстремизмнің алдын алу жайы ерекше сөз болды. Адамгершілік пен имандылыққа бет түзеп, ұрпақтардың бойына патриоттық рухты дарытып, конфессияаралық келісім мен халықтардың достығын нығайтып, отбасылық дәстүрлерді дәріптеу-дін ұйымдардың кезек күттірмес мәселелерінің алғы шепінде тұруы тиіс.

Бұл күндері алкогольге тәуелділік, суицид, нашақорлық сынды жаға ұстатар жайлармен жиі бетпе-бет келіп қаламыз. Қоғамды құрдымға апарар жат қылықтармен ұдайы күресу қажет. Қуантарлығы, осы істерде біздің аудандағы діни ұйымдар белсенділік танытуда,-деді өз сөзінде Ербол Еркінұлы. Мұнан кейін аудандық білім бөлімімен дін төңірегінде жүргізілген жүйелі жұмыстарды аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысының орынбасары Перизат Қосахова баяндап берді.

Өз кезегінде «Жаңажол ауылдық округіндегі діни ахуал» тақырыбындағы баяндамасымен аталған округтің әкімі Дархан Әліпбаев сөз алды. Ал, Бірлік ауылындағы діни қарым-қатынастар жөніндегі баяндамасын аталған округтің әкімі Ербол Қосахов таныстырды. Жамбыл облысы әкімдігінің дін мәселелерін зерттеу орталығының Шу ауданы бойынша инспекторы Мая Қамбар да өз баяндамасында Шу ауданындағы мешіттерде жүргізілген зерттеулер жөнінде нақтырақ баяндап берді.

Бүгінде ауданымызда 29 мешіт және 4 шіркеу бар. 29 мешіттің 13-і газдандырылған. Барлық мешітке бейнебақылау камералары орнатылған. Дін өкілдері аудандағы мұсылмандық білім жүйесінің дамуы, экстремизммен күрес, сондай-ақ ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты нығайту жөнінде өз ойларын ортаға салды. Бұған қоса имамдар көкейлерінде толғандырған сауалдарын қойып, әрі мектеп әкімшілігімен келісім бойынша мектеп оқушыларын жұма намазға қатысуын қамтамасыз етуге қатысты сөз қозғады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close