Басты бетЖаңалықтарСпортҚоғам

Таластық жас палуандар жарады

Қордай ауданында өткен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындарында аудан намысын қорғаған жас палуандарымыз артқан сенімді ақтады.

Жалпы, 7 салмақ бойынша өткізілген облыстық жарысқа, әр ауданнан іріктеліп, түрлі деңгейдегі жарыстарға шығып төселген, тәжірибесі бар палуандар қатысты. Алайда, мектебі мықты, дайындығы тыңғылықты таластықтар азулы қарсыластарынан айласын асырып, мықтылықтарын дәлелдей білді.

Атап айтсақ, №31 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Жалғас Бескемпір 51 келіде, ал 72 келіде Алмас Сары, 64 келіде Ақкөл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Ердәулет Тұрған ауыл жасөспірімдері жазғы ойындарының жеңімпазы атанды.

Жастарды танып, талабын ұштап, тұғыр биігінен көрінуіне еңбек еткен тәжірибелі жаттықтырушылар – Досан Қалаубеков және Нариман Әйтенов.

Осылайша жас палуандарымыз 7 салмақ бойынш өткізілген бәсекенің 3 алтын медалін қанжығаға байлады.

Жалпыкомандалық есепте Шу ауданына жол берген таластықтар 2- орынға тұрақтады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close