Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлеумет

Талас ауданында тал егу акциясы өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында «Бір тал кессең, он тал ек!» акциясы ұйымдастырылды.

Аталған шараға аудан әкімі Қанатбек Мәдібек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әсемов Жұмабек, қала әкімінің міндетін атқарушы Дархан Байымбетов, бөлім басшылары және Тәуелсіздік құрдастары мен жас отбасылар қатысты.

«Отан – қуат, отбасы – шуақ». Қазақ халқы әрдайым отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған. Бұл акцияның негізгі мақсаты – отбасы құндылығына мән беру. Себебі жанұяның тірегі болған азамат өмірде ұрпақ тәрбиелеп, үй салып, ағаш егуі басты ұстанымдарының бірі. Одан бөлек, мұндай игі іс-шаралар халықтың экологиялық санасы мен мәдениетін дамытуға септігін тигізері анық.

Байболатова Ақсұлу, жас отбасы: – Ағаш отырғызуға отбасымызбен келіп отырмыз. Осы ағаш жайқалып өсіп, балаларымыздың болашақта болашағы жарқын болуы үшін өз үлесімізді қосып, осы игі іс шараға қатысып отырмыз.

Бір тал кессең, он тал ек!» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу − маңызды істердің бірі. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат− анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру қажет.

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close