Басты бетЖаңалықтарСпортҚоғам
Таласта «Көңілді сөре» спорттық жарысының жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында «Көңілді сөре» спорттық жарысы өтті.
Денешынықтыру-сауықтыру кешенінде ұйымдастырылған спорттық іс-шараға аудан орталығы Қаратау қаласындағы бөбекжай бақшалар мен шағын орталық қызметкерлерінен құралған 10 команда қатысты.
Іс-шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.
Спорттық сайыс бес кезеңнен тұрды: кедергілер арасымен жүгіру, секіртпемен кедергілер арасымен секіру, баскетбол добын кедергілер арасымен алып жүру, қаппен секіру, арқан тарту.
Ойын нәтижесі бойынша «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасының «Жұлдыздар» командасы жеңімпаз атанды.
1-орын «Мирас» бөбекжай бақшасы қызметкерлеріне бұйырса, 2-орын иегерлері «Астана» бөбекжай бақшасы қызметкерлері атанды.
Барлық қатысушылар ептілік, күш, шапшаңдық танытып, ең бастысы – сергектік пен көптеген жағымды эмоциялар алды.
Жеңімпаз командалар аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының марапатымен және медальдармен марапатталды.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.