Басты бетЖаңалықтарСпортҚоғам

Талас ауданында дзюдодан облыстық турнир өтуде

Талас ауданы Қаратау қаласындағы Денешынықтыру-сауықтыру кешенінде Талас ауданында туып, Сарысу ауданында өскен қос ауданның мақтанышы, самбо күресінен әлем чемпионатының 6 дүркін жеңімпазы, дзюдодан Казақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Атланта олимпиадасының қатысушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Богунова Евгения Владимировнаның жүлдесіне арналған дзюдодан 2008-2009 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыстық турнир өтуде.

Аталған турнирге Талас ауданы әкімінің орынбасары Роман Қырықбаев, Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев, атақты спортшының алғашқы жаттықтырушысы Низами Мамедоглы Алиев қатысты.

Турнирге арнайы келген Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Евгения Владимировнаға Сарысу халқының атынан алғысын жеткізіп, Сарысу ауданының «Құрметті азаматы» төсбелгісін табыстады.

Екі күнге арналған турнир 11 салмақ дәрежесі бойынша өтуде. Даңқты спортшының жүлдесіне арналған ашық турнирге Алматы, Тараз қалалары мен 8 ауданның спортшылары қатысуда.

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close