Басты бетЖаңалықтарСпортӘлеумет

Талас ауданында турнир өтті

Талас ауданында кіші футболдан және волейболдан аудандық турнир өтуде.

Жастар – қай қоғамның болсын қозғаушы күші. Елдің ертеңі саналатын бүгінгі буынның дамуы мен қалыптасуында мемлекеттің айрықша қамқорлығын сезінуі қажет. Дәл осы мақсатта Жамбыл облысында былтыр 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өңірлік бағдарламасы қабылданды.

Облыстық мәслихаттың шешімімен қабылданған бұл бағдарламада 9 индикатор қарастырылған. «Әулиеата жастары деген атауға ие болған бағдарламада жастарды қолдау, жұмыспен, баспанамен қамту тетіктері, үздіктерін марапаттау, қажетті құқықтық кеңес ұсыну, ақпараттық қолдау білдіру сынды шаралардың барлығы қамтылған. Мәселен бағдарламаның бір тармағы өз саласында толайым табыстарымен көзге түскен жастарды ынталандыру шараларына арналған.

Міне осы бағытта бүгін Қаратау қаласындағы Денешынықтыру — сауықтыру кешенінде Талас ауданы әкімдігінің спорт бөлімі және Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кіші футболдан “Біз біргеміз” атты аудандық турнир өткізілді.

Ұйымдастырылған спорттық іс—шараға аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев, қала әкімінің міндетін атқарушы Дархан Баймбетов және аудандық орталық мешіттің Бас имамы Жалғасбай Жұбатқанов шақырылды. Аталған турнирге ауданға қарасты Ойық, Үшарал, Майтөбе, Тамды ауылдық округтерінен және Қаратау қаласынан Жамбыл облыстық білім басқармасының Талас аудандық білім бөлімі, Қаратау құрылыс техникалық колледжі және Қаратау бизнес колледжінің командалары аудан әкімінің кубогын сарапқа салды.

Аталмыш додада бақтарын сынаған командалар жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігерлерін танытты. Тартысты бәсекеде алдына жан салмаған Майтөбе ауылдық округінің командасы бірінші орынды иеленді. Ал, екінші және үшінші орындарды Тамды ауылдық округінің және Қаратау құрылыс техникалық колледжінің командалары еншіледі.

Сонымен қатар, ойын қорытындысы бойынша Нұрсұлтанұлы Диас «Үздік ойыншы» номинациясының жеңімпазы атанса, «Үздік қақпашы» Әмірбеков Қайрат танылды.

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close