Басты бетЖаңалықтарСпорт
Талас ауданында спортты дамыту – басты назарда

Биыл жыл басынан бері 89 бұқаралық-спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 4000-нан астам қатысқан.
Жалпы, Талас ауданында 7 спорт мекемесі жұмыс істейді. Барлығы 16 спорт түрі қамтылған.
Ал спорт мекемелеріндегі 7 жастан 18-ге дейінгі тұрғындардың спортпен шұғылдану көрсеткіші 25,5 пайызды құрайды. Бұл дегеніміз, ауданның 2162 бала спортпен шұғылданады деген сөз.
Ал жалпы аудан тұрғындарының 34,4 пайызы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады.