Басты бетЖаңалықтарМәдениетРуханият

Тараз қаласының әкімі қаламгерлерге құрмет көрсетті

Белгілі қаламгерлер Қайырбек Асанов пен Күләш Ахметованың есімі қазаққа жақсы таныс. Өмірде де, әдебиет айдынында да жұп жазбай келе жатқан қос ақынды кеше шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев пен қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев мерекемен құттықтап барды.
Қайырбек Асановқа «Тараз қаласының құрметті азаматы» атағын, Күләш Ахметоваға «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін табыс еткен Ержан Жұматұлы оларға шығармашылық табыс, зор денсаулық тіледі.
Қос қаламгер де қала басшылығына алғысын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Жуырда Күләш Ахметованың «Отан» атты кітабы оқырманға жол тартқан болатын. Ақынды жаңа жинағының тұсаукесерімен құттықтаймыз!

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close