Басты бетЖаңалықтарШартарап

Солтүстік Корея ұшырған зымыран АҚШ-тың кез келген жеріне жетуге қабілетті

Солтүстік Корея 24 наурызда ұшырған құрлықаралық баллистикалық зымыран АҚШ-тың кез келген жеріне жетуге қабілетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kyodo News+ арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында қорғаныс министрі Нобуо Киси мәлімдеді. Оның айтуынша, Пхеньянның зымыран ұшыруы Жапония мен халықаралық қауымдастықтың бейбітшілігі мен тұрақтылығына елеулі қатер төндіреді, бұл алдыңғы зымыран ұшыру сериясымен салыстырғанда басқа өлшемге ауысқан.

«2017 жылдың қарашасынан бері Солтүстік Корея ұшырған зымыран егер қалыпты траекториямен жүрсе, 15 000 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтіп, АҚШ-тың бүкіл материгіне, соның ішінде шығыс жағалауына жетуге қабілетті», – деді Киси.

«Біз Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына жол бермеуіміз керек, бұл әлем Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына назар аударып тұрған кезде халықаралық қауымдастыққа қарсы арандатушылықты күшейтуі мүмкін», – деп қосты Киси.

Бұл ретте Жапония Сыртқы істер министрі Есимаса Хаяси ел билігі Корей түбегін толық ядролық қарусыздандыру үшін Америка Құрама Штаттарымен екіжақты және үшжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын растағанын айтты.

Фото ©REUTERS

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close