Ауыл шаруашылығыБасты бетЖаңалықтарХабарландыруҚоғамӘлеумет

Жамбыл облысында нан бағасына байланысты Меморандумға қол қойылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ҰК» АҚ және Жамбыл облысы әкімдігінің арасында «әлеуметтік нан» бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында астық жеткізу бойынша Меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы.
Меморандум шеңберінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясы астықты төмендетілген (EXW «франко-элеватор» шарттарымен ҚҚС қоса есептегенде тоннасына 90 мың теңге) бағамен сатады.
Меморандумның негізгі шарттары:

  • бидай сатып алу бағасы – 90 теңге/кг;
  • ұн өндіру көлемі 70% -дан кем емес, сату бағасы – 130 теңге/кг;
  • кебектің өндіру көлемі 25%-дан кем емес. Жобаға қатысуға ниет білдірген диірмен комбинаттарының басшылары көрсетілген мекен-жайға немесе телефон арқылы хабарласуына болады.
    Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы 119, тел: 45-42-30, 87018873738.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close