Білім көкжиегіБасты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

«Болашақ» бағдарламасы жаңа оқу орындарымен толықты

Биыл «Болашақ» бағдарламасы гранттарының 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінді. Осыған орай «Болашақ» бағдарламасымен оқуға болатын жоғары оқу орындарының тізімі әлемнің 23 жетекші техникалық университетімен толықты, деп хабарлайды ҚР білім және ғылым баспасөз қызметі. 

Олардың қатарында Эйндховен техникалық, Гамбург, университеті, Поханг ғылым және технология университеті, Дрезден техникалық университеті және т.б. бар.

«Біз жыл сайын университеттердің географиясын кеңейтіп отырамыз. Өткен жылы тізім Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка университеттерімен толықты», – делінген хабарламада. 

Жалпы тізімге QS World University Rankings, World University Rankings, Academic Rankings of World University Rankings халықаралық академиялық рейтингтерінің 250 үздік университеттері мен БРҮҚОА елдері ұлттық рейтингтерінің 20 үздік университеттері қатарындағы 27 елдің 236 университеті кіреді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close