Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Сағиға 2 бөлмелі пәтер сыйға берілді

Кеше Елордада кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит батырдың қасында Сағи есімді жігіттің болғаны туралы айтылған болатын.

Сәбитке көрсетілген құрметке Сағи да лайықты еді деп жатты көпшілік.

Халықтың тілеуі орындалып, тағы бір құрылыс компаниясы Сәбитпен бірге баланы құтқарған Жылқышиев Сағиға View Park тұрғын үй кешенінен 2 бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл туралы Дәулет @dauletten өз парақшасында сүйіншілеп хабарлады.

Оқиға кезінде сол үйдің басқа подъезінде тұратын 2 жігіт көп ойланбастан бүлдіршін тұратын 8-қабатқа жүгіріп барып, есікті қаққанымен ешкім ашпағанын айтады. Әбүйір болғанда 7-қабатта тұратын кісілер есігін ашып, ішке кіруге рұқсат берген. Қос батырдың бұдан кейінгі ерлігі видеоға түсірілген. Осылайша, кішкентай қызды құтқарған жігіттер көптің құрметі мен ризашылығына бөленуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close