Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғамӘлеумет

Жамбыл облысында жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жаңа жұмыс орындары ашылады

Жұмыссыздық мәселесі қай кезде де өзекті екені жасырын емес. Халықтың тұрмыстық деңгейінің көрсеткіші де осы жұмыспен қамтылуына тәуелді десек артық айтқандық емес. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов те БАҚ өкілдерімен өткен кездесу барысында бұл мәселені айналып өткен жоқ. Өңір басшысының айтуынша, бұл бағытта біршама жұмыстар атқарылуда.

Мысалы,  жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайызға дейін төмендету күтілуде. Сондай-ақ алдағы уақытта әкімдердің жұмысы құрылған жұмыс орнына қарай бағаланатын болады.

Бұл тұрғыдан алғанда Мемлекет Басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» бойынша берген тапсырмасы шеңберінде 11 мың жаңа жұмыс орны ашылған десек, оның 3 мыңға жуығы тұрақты.

2025 жылға дейінгі облысты дамыту жоспарында өңірімізде 83 мың жұмыс орны ашылатын болады, оның 28,3 мыңы тұрақты, 55 мыңы уақытша. Бұл өз кезегінде жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге кепілдік бермек.

— Жалпы, облыстың 2025 жылға дейінгі даму жоспары қолдағы бар мүмкіндіктерге сәйкес терең, егжей-тегжейлі зерделене отырып, әзірленді.

Мемлекет қолдауының арқасында барлық жоспарларымызды орындап, белгіленген көрсеткіштерге жетеміз деп сенеміз. Бұл халықтың тұрмысын жақсартып, өңір экономикасын дамытуға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close