Ауыл шаруашылығыБасты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпСаясатҚоғам

Жамбыл облысының даму жоспары жаңа сипатта әзірленді

Жамбыл облысының даму жоспарының жаңа сипаттағы жобасы әзірленді. Бұл туралы облыс әкімі Н.Нұржігітов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде мәлімдеді, – деп хабарлайды Ақпарақ ақпарат агенттігі.

Ол ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыта отырып, ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындарын құру, тұрмыс жағдайын жақсарту, табысын арттыру мақсатын, сонымен қатар, халықтың әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешуді көздейді.

Даму жоспары инвестициялық жобалар, бюджеттік инвестициялық жобалар, жұмыспен қамту деген 3 негізгі бөлімнен тұрады.

Инвестициялық жобалар екі ірі – ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында 2025 жылға дейін құны 2  трлн. теңгені құрайтын 1154 жобаны іске асыра отырып, 14,4 мың жұмыс орнын құруға бағытталған.

Даму жоспары аясында агроөнеркәсіп кешені саласында жалпы құны 73,5 млрд. теңгені құрайтын 711жобаны іске асырып, 4,3мың жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде (оның 2,7 мыңы тұрақты,1,6 мыңы маусымдық жұмыстар. Соның есебінен Тараз қаласында 2 млрд.теңгеге 7 инвестициялық жоба жүзеге асып, 260 азамат жұмыспен қамтылады).

Жыл қорытындысымен жалпы салада 110 жоба іске қосылып, 400-ге жуықадам тұрақты жұмысқа орналасады.

«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту 10 бағытта жүзеге аспақ. Олар: 451 жылыжайкешені салынады (2022 жылы-47), 40  су үнемдеу технологиялары енгізіледі (2022 жылы-12), 37 жеміс және көкөніс сақтау қоймалары салынады (2022 жылы-4), 29 сүтті қайта өңдеу кәсіпорындары ашылады (2022 жылы-4), 9 сүттауарлы ферма салынады (2022 жылы-1), 51 мал бордақылау алаңдары салынады (2022 жылы-17), 26 құс фермаларысалынады(2022 жылы-5), 36  балық шаруашылықтары ашылады (2022 жылы-10) және 32(2022 жылы-10) өзге де шағын жобалар іске асырылады», – деді облыс басшысы. Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерде кооперация жүйесін дамыту мақсатында аудан әкімдері елді мекеннің ауыл шаруашылығы саласы әлеуетін түбегейлі зерделеп, әр ауылдық округтің өнім өндіру, қайта өңдеу және өнімді өткеруде кластерлік тәсілді қолданып, жоспарын әзірлегенін айта келе, бұл тәсілді қолдану үшін 10 ауданнан бір ауылдық округтен, Тараз қаласынан бір массив таңдап алынғанын, аталған жобалар кластерлік бағытта «бір ауылда – бір жоба» қағидатымен жүзеге асырылатынын жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close