«Қазгидромет» РМК ресми сайтында алдағы үш күнге, яғни 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері барикалық түзілімдердің жылдам өзгеруі мен атмосфералық процестердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды болады.
Ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар, 22-24 қараша күндері республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын, 23 қараша күні шығыста қалың қар күтіледі.
Сонымен қатар алдағы күндері республика бойынша желдің күшейюі, көктайғақ, тұман, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде бұрқасын күтіледі.
Сондай-ақ синоптиктер солтүстікте, шығыста және орталықта түнде ауа температурасы -17…-28 градусқа дейін төмендеуі мүмкін екенін ескертіп отыр.