Басты бетЖаңалықтарМәдениетӘлеумет

Таразда «Ұлы дала хикаялары» атты сурет көрмесі ашылды

Таразда Қазақстанның заманауи өнер туындыларын паш ету мақсатында тұңғыш рет «Ұлы дала хикаялары» атты сурет  көрмесі ашылды. Онда еліміздің  белгілі қылқалам шеберлерінің суреттері қойылып, көрерменге ұсынылды, − деп хабарлайды «Ақпарақ».

Облыстық қазақ драма театрында ұйымдастырылған көрмеде мүсін, кескіндеме, графикалармен қатар, инсталляция, обьект, перформанс, видео және медиа-арт бағыттары қамтылған Алмагүл Меңлібаева, Сәуле Сүлейменова, Рашид Нүрекеев, Асхат Ахмедьяров сынды 10-нан астам белгілі суретшінің туындысы қойылды. Көрменің халықаралық жетекшісі Лиза Ахмади әлемнің 20-дан астам елдерінде үлкен баға алған туындылар ұлттық болмысымызды айшықтап, өнер, мәдениет, табиғат тамашалары сынды құндылықтарды суреттейтіндігін айтады.

Қала тұрғындары алдағы 1 ай бойы Жамбыл облыстық драма театрына барып, көрмені тегін тамашалай алады. Одан кейін көшпелі  көрме керуені Қызылорда қаласына жол тартатын болады.  

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close