Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда есірткіні жарнамалайтын граффити-жазба жасаған жігіт ұсталды

Жуырда Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы  Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, синтетикалық есірткі тарататын тұлғаларды іздестіру бойынша жедел іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде үйлердің қабырғалары мен қоршауларында есірткінің таралуына қатысты граффити-жазбалар  жасаған 19 жасар Тараз тұрғыны қолға түсті, − деп хабарлайды «Ақпарақ» Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі берген мәліметке сүйеніп.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Синтетикалық есірткіні таратуға қатысты басқа тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі таңда анықталып табылған граффити-жазулар жойылды, түрлі  синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды.  

Жамбыл облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарын есірткінің таралуына ықпал ететін осындай құбылыстардан тыс қалмауға,  әрбір дерек бойынша селқостық танытпауға және есірткі қылмыстылығымен күресте белсенді азаматтық ұстаным танытып, есірткі жарнамасын таратуға жол бермеуге шақырады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close