Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Мойынқұмдықтар көшетхана салуға көңіл бөле бастады

Мойынқұм ауылының тұрғыны Г.Міркәрім өзінің үйінің алдынан жаздық-күздік көшетхана салып, қияр, қызанақ өсіруді қолға алған ауылдағы алғашқы бағбан. Қияр, қызанақ өсіруге қызыққан Г.Міркәрім көлемі 54 шаршы метр (6 х 9 метр) жерге ғана қалыңдығы 1,5 сантиметр болатын синтетикалық үлдірден (кореялық полиэтилен) көшетхана салып, Түркістан облысы Қазығұрт ауданынан 40 түп қияр, 40 түп қызанақ көшетін әкеліпті. Көшеттерді сәуір айында көшетханаға отырғызып, тамшылатып суару әдісі арқылы одан бүгінде тиісінше өнім алып, еңбектің тәтті жемісін көруде. Көшетхана қияры 30-50 күнде пісіп үлгерсе, қызанақтары түйін салып, қызаруға шақ қалған екен. Бұл туралы Мойынқұм ауданы әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында жазылған деп хабарлайды «Ақпарақ».

Парақшада, сондай-ақ, мойынқұмдықтардың бүгінде егінге ерекше бетбұрыс жасап, бұған дейін қыр-сыры таңсық болып келген көшетхана (парнык) салуға бірте-бірте көңіл бөле бастауы аудан әкімінің ықпалымен іске асып жатқаны айтылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close