Басты бетЖаңалықтарСаясат

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысында болды

Бүгін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Алдымен Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығына барған министр мекеменің жұмыс барысымен танысты.

Сондай-ақ, өңірге жұмыс сапары барысында министр «Barbershop» сұлулық салонына да барды. Салон жетекшісі Аида Батырбекова өткен жылы «Еңбек» бағдарламасы арқылы «Даму» қорынан 5 миллион теңге шағын несие алып, өз кәсібін ашқан. Бүгінде кәсіпкер бес адамды тұрақты жұмыспен қамтып, жергілікті тұрғындарға сақал, мұрт үлгілерін жасау, сәндеп қию секілді қызметтер көрсетіп келе жатқанын баяндады. Ал, Бердібек Сапарбаев өз кәсібін ашып, тұрмысын тіктеймін дейтін азаматтарға мемлекет және жергілікті билік тарапынан барлық қолдаулар жасалу керектігін баса айтты.

  Сонымен қатар, министр облысқа жұмыс сапары кезінде Жамбыл облыстық әкімдігінде өткен жиынға да қатысты. Жиында аймақтағы атаулы әлеуметтік көмектің берілу жайы қаралып, сол тұрғыдағы өзекті мәселелер талқыланды.  Бұдан кейін министр Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында болып, жергілікті халықтың және аудандық жұмыспен қамту орталығының жай-күйімен танысты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close