Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбылдық полицейлерге қызметтік көлік берілді

Таразда аудандық полиция бөлімдерінің учаскелік инспекторларына қызметтік көлік берілді, деп хабарлайды «Ақпарақ» АА. Жаңа автокөліктердің кілтін Жамбыл облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Нұржан Календеров пен облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев салтанатты түрде тапсырды.

Атап айтар болсақ, облыс әкімдігінің қолдауымен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Меркі және Шу аудандарының учаскелік полиция инспекторлары жаңа «Нива» және «Уаз» маркалы 131 автокөлікпен қамтамасыз етілді. Ал Талас, Т.Рысқұлов және Сарысу аудандарына көлік келесі жылдың бірінші жартыжылдығында бөлінетін болады. 

  Салтанатты шарада сөз алған Нұржан Календеров барлық учаскелік полиция инспекторларын құттықтаса, полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев полиция департаментіне материалдық қолдау көрсеткені үшін облыс әкімдігіне алғысын білдірді. Өз кезегінде инспекторлар да еліміз үшін аянбай қызмет етуге ант беріп, шара соңы жаңа автокөліктердің салтанатты шеруімен аяқталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close