Басты бет

Жамбыл облысында тағы бір адам суға батып кетті

Қайғылы оқиға Байзақ ауданындағы каналда болған, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Кешкі уақытта жергілікті тұрғындар Байзақ ауылына жақын маңда «Базарбай» каналынан ер адамның мәйітін тапқан. Қаза тапқан 42 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол шомылуға арналмаған жерде суға түскен», – деп түсіндірді Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Шомылу маусымының басынан Жамбыл облысындағы су айдындарында он оқиға тіркелді. Он адам, соның ішінде алты бала қаза тапты.

Өткен жылы осы кезеңде жеті адам, соның ішінде екі бала суға ағып кеткен еді, деп нақтылады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close