ЖаңалықтарСаясат

Жамбыл облысы Байзақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслиxаттың келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі болып тағайындалды. Облыс басшысы Асқар Мырзаxметов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Нұржан Молдиярұлы еңбек жолын 1991-1996 жылдары Жуалы ауданы М.Горький атындағы колхозының механигі, бас инженері болып бастап, әр жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметтерінде болып, тәжірибе жинаған. 

Сондай-ақ, 2008-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімінің бас инспекторы, облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Ал, 2018 жылдың ақпанынан бастап бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып еңбек етті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close