Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Биыл Таразда 148 көше орташа жөндеуден өтеді

Биыл Тараз қаласындағы бұрылыстар мен тұйықтарды қоса есептегенде 78 шақырымнан тұратын 148 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде бұл жұмыстар басталып кетті, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Мәселен, «Шалғай Қарасуда» ұзындығы 520 метрді құрайтын Прибалхашская көшесінен Анарбаев көшесіне дейін қалыңдығы 6 см болатын асфальт жабындысы төселуде. Одан өзге мұнда балалардың қауіпсіздігі үшін № 21 мектепке дейін жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады. Құрылыс сапасы мамандармен қатаң қадағалануда.

         Айта кету керек, биылғы жылы қалада «Тайвань», «Арай» тұрғын алқаптары орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 600 млн. теңгеге қаланың көпқабатты тұрғын үйлері орналасқан шағын аудандардағы жол жабындыларына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.

 Сол сияқты «Бурыл А,Б,В» тұрғын үй массивінің 26 шақырымды құрайтын 50 көшесіне 260 млн. теңгеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды «Айя сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінде мұнда шағал тастардың бірінші қабаты салынуда. Алдағы уақытта техникалық талаптарға сәйкес екінші қабаты жүргізілетін болады. Нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі болғанмен, мердігер компания жұмыстарды кестеден бұрын, жыл соңына дейін тапсыруды көздеп отыр.

Жалпы, қала көшелеріне жүргізілетін жөндеу жұмыстарына бақылау,  қадағалау жүргізілуі қажет. Жуырда ғана Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қала көшелеріне жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысқанда осы мәселеге ерекше назар аударған болатын. Және Тараз қаласы көшелерінің жол жабындысын қалпына келтіру үлкен мәселенің бірі болып отырғанын айтып, қалалық әкімдік бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізген еді. Егер жоспар ойдағыдай орындалатын болса биыл Тараз қаласының бірқатар көшесі жөнге келеді. Оның өзі жергілікті тұрғындар үшін үлкен олжа.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close