Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда тұрғын үй мәселесі қалай шешілуде?

Бүгінде тұрғын үй ең өзекті мәселелердің бірі екені жасырын емес. Әсіресе, көпбалалы отбасылар мен жағдайы төмен жандар баспанаға зәру. Мәселен, Тараз қаласы бойынша 16054 адам тұрғын үй кезегінде тұр екен. Ал бұл мәселе облыс орталығы саналатын көне Тараз шаһарында қалай шешілуде?

        Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, тұрғын үй бойынша  26 нысанның құрылысына 11,8 млрд. теңге бөлінген.  Олар:  әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға  арналған 5 арендалық және  21 кредиттік тұрғын үй. «Нысандардың  құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 2019 жылы тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылым құрылысына 43 нысанға  бюджет есебінен 15,5 млрд. теңге бөлінген. 21 тұрғын үйдің 10 үйі 2018 жылдан өтпелі болса, оның ішінде 4 кредиттік тұрғын үй пайдалануға тапсырылады. Ал, 6 кредиттік тұрғын үй тамыз айының соңына дейін қабылданады. Жаңа 16 тұрғын үй 2020 жылға өтпелі. Оның ішінде 60 пәтерлі кредиттік 11 үй, 80 пәтерлі арендалық 5 үй. Алайда, бүгінгі таңда 16 үйдің құрылыс жұмыстары қарқын жүруіне байланысты жыл соңына дейін 10 тұрғын үй пайдалануға тапсырылуы жоспарлануда. Ал, қалған 6 үй  2020 жылға өтпелі», − дейді Қайрат Досаев.

Жалпы, қала бойынша 1284 көппәтерлі үй тұрғын үй қорына кіреді екен. Әділет басқармасында Кондоминиум нысаны ретінде 951 көппәтерлі тұрғын үй тіркелген. Бұдан өзге 182 тұрғын үйді кондоминиум объектісі ретінде әділет басқармасына тіркеу қажет екен.    

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі  бағдарламасының тұрғын үй қорын қайта жаңғырту тетігін іске асыру басталған кезеңде, 516 кондоминиум нысандары күрделі жөндеуді қажет еткен болса, 2011-2015 жылдары  республикалық бюджет есебінен жалпы 2 млрд. 158 млн. теңге қаражат бөлінген. Осы қаражат есебінен және 748,0 млн. теңге қайтарым қаражат есебінен  2011-2018 жылдары аралығында 221 үй жөндеуден өткен. Ал, 2019 жылы қала бюджетінен 190,0 млн. теңгеге 7 үй  және қайтарым қаражат есебінен 5 үй,  яғни 12 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспарланған.

Осылайша, қалада тұрғын үй мәселесі біршама шешімін тауып келеді деуге болады. Құрылыс жұмыстары осындай қарқынмен жүретін болса жуық жылдарда баспаналы халықтың қарасы қалыңдары сөзсіз. Ендеше, жақсы іске сәттілік тілейік.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close