Басты бетЖаңалықтарХабарландыруҚоғамӘлеумет

Таразда «іКomek»-109 орталығы ашылады

«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тараз қаласының «іКomek»-109 коммуналдық қызметтерінің бірыңғай диспетчерлік орталығын құру жұмыстары жүргізілуде, − деп хабарлайды «Ақпарақ».

 Бұл – халықпен кері байланыстың бірыңғай жүйесі әрі қала тұрғындары үшін әмбебап көмекші. Енді әкімдікке келіп, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Қоңырау шалу немесе хабарлама, сурет жіберу жеткілікті. Осылайша, сіздің мәселеңізді шешу жолдары барынша жеңілдетілген. Аталған диспетчерлік қызмет Төле би көшесі, №35, 2-ші қабатында 248 ш.м. аумағында орналасатын болады. Бүгінгі күнге, тиісті ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, орталықты ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне ашу жоспарланып отыр.

Естеріңізде болса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былтыр Астанада өткен VIII Азаматтық форумда «iKomek» мониторинг және жылдам әрекет ету орталығының артықшылығын айтқан болатын. Және халықпен қарым-қатынасты нығайтуда заманауи цифрлы технологияларды қолдану қажеттілігі туралы айтып, «Оның жарқын үлгісі – Астанадағы «iKomek» мониторинг және жылдам әрекет ету орталығы. Бұл тәжірибені еліміздің барлық өңірлеріне тарату керек. Аталмыш шаралар мемлекеттік органдарының жұмысындағы ашықтық пен тиімділікті арттыруға көмек береді. Бұл – біздің бәріміздің ортақ міндетіміз. Олар азаматтық қоғаммен бірге атқарылатын жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді», – деген еді. Расында да, тиімді қызмет көрсетудің бұл үлгісі алғаш елордада iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы болып ашылған болатын. iKomek орталығы еліміздің астанасында 2018 жылдың басынан бері орын алған жағдаяттар мен апаттарды шешуде коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестіру және бақылау, сонымен қатар азаматтардың өтініштерін қабылдау мақсатында жұмыс істеп келеді. Енді мұндай орталық Тараз қаласында да ашылады деп жоспарлануда. Осылайша, оның тиімділігі мен артықшылығын енді тараздықтар да сезінетін болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close