Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығы басты назарда

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев облыс орталығындағы әлеуметтік нысандарды аралап, қысқа дайындығын зерделеді, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА Тараз қаласы әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Жамбыл жылу» мекемесінің теңгерімінде барлығы 42 қазандық бар. РК-1 қазандығында 4 қазандық орналасқан. Оның екеуі жұмыс істеп тұр, біреуі қосалқы, енді бірі қайта ауыстырылуда. Мекеме өзіне қарасты үш мөлтекаудан мен 3 мектепке, 3 балабақша және оншақты орта және шағын бизнес орындарына ыстық суды 10 қыркүйектен беруді жоспарлап отыр екен. Қала әкімі Қайрат Әскербекұлы мекеме әкімшілігінен мектепке баратын балалардың жағдайын ескеріп, ыстық суды 10 қыркүйекті күтпей, сенбі,жексенбі күндері беруін сұрады. 
Одан кейін шаһар басшысы Исатай батыр көшесіндегі «Таразэнергоорталық» АҚ-ның РК-4 қазандығына барды. Қаланың басым бөлігін жылумен қамтамасыз ететін мекеме қысқа толық дайын екенін мәлімдеді. Қазандықтар көгілдір отынмен жанады. Авариялық жағдай туындаған кезде мазут қолданылады. Мұндағы қазіргі уақытта 15 күндік резервтік мазут дайын тұр. Қыстың ауылы алыс еместігін ескерткен қала әкімі қысқа дайындықтың қарқынын арттыру қажеттігін атап өтті.

***

«Аким города Тараз Кайрат Досаев посетил социальные объекты областного центра и ознакомился с ходом подготовки к зиме.
Всего на балансе предприятия «Жамбыл жылу» имеется 42 котла. На котельной РК-1 находится 4 котла. Два из них работают, один вспомогательный, другой заменяется. Предприятие планирует 10 сентября возобновить подачу горячей воды в трех микрорайонах и 3-х школах, 3 детских садах и около десятка предприятий малого и среднего бизнеса обслуживаемые ими. Аким города Кайрат Аскербекович рекомендовал администрации предприятия подать горячую воду в субботу и воскресенье , не дожидаясь 10 сентября, учитывая подготовку детей, посещающих школу. 
Затем глава города посетил котельную РК-4 АО «Таразэнергоцентр» по улице Исатай батыра, обеспечивающее теплом основную часть города . Предприятие полностью готово к зиме. Котлы загораются голубым топливом. При возникновении аварийной ситуации применяется мазут. В настоящее время имеется 15-дневный резервный мазут. Аким города подчеркнул, что зима не за горами. В связи с этим необходимо наращивать темпы подготовки к отопительному сезону», − делінген парақшада.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close